деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстанның ресми дерек көздеріне сілтеме жасап.
Тікұшақ елдің Әскери-әуе күштерінікі және апат оқу жаттығуы кезінде болған. Оқиға сағат 9.05-те болған, апат кезінде екі әскери қызметкер қаза тапқан.
Оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Ел басшылығы қаза тапқан әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.