Өзбекстанда Мүсілім Магомаевты еске алу кеші өтті

ТАШКЕНТ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ – Мамыр айы қашанда мәдени шараларға толы.

Өткен аптада Өзбекстан елордасында Орыс мәдениеті орталығының ұйытқы болуымен КСРО әртісі Мүсілім Магомаевты еске алу кеші өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Орталық белсенділері мен кешке қатысқан Достастық елдері елшіліктерінің өкілдері танымал әншінің өмірі мен шығармашылығы туралы, ол орындаған әндердің тарихы туралы әңгімелеп берді. Олар бұрынғы кеңестік елдерде жақсы танымал әншінің халықтың жүрегінде мәңгілік сақталатынын айтты.