Өзбекстанда Наурыз болмайды, барлық оқу орнында сабақ тоқтатылды

None
ТАШКЕНТ. ӨзА – ҚазАқпарат – Өзбекстанда коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында кешенді шаралар қабылданып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгін елдің премьер-министрі Абдулла Арипов Өзбекстанға коронавирустың келуінің алдын алу шараларын күшейтуге арналған шараларды қолға алу туралы жиналыс өткізді.

Жиналыстан кейін Өзбекстанда Наурыз мейрамының бұқаралық шаралары болмайтыны, сондай-ақ адам көп жиналатын басқа шаралар да өтпейтіні туралы хабарланды.

Бұдан бөлек, елде коронавирустың табылуына байланысты, 16 наурыздан бастап барлық ЖОО, мектеп, мектепке дейінгі білім мекемелерінің білім алушыларына демалыс берілді.