Өзбекстанда оқушылар мен мұғалімдер жыл сайын психологиялық бағалаудан өткізілмек

АСТАНА. KAZINFORM — Өзбекстан білім беру мекемелерінде мектеп оқушылары, студенттер мен мұғалімдер, сондай-ақ балабақша қызметкерлері үшін жыл сайынғы психологиялық диагностика енгізіліп жатыр.

Фото: Daryo.uz

Өзбекстан президентінің қаулысына сәйкес, диагностика арнайы электрондық платформада жүргізіледі. Бағалау кезінде алынған жеке деректер мен ақпараттың құпиялылығы қамтамасыз етілуге тиіс.

Нәтижелер жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы талданады. Қатысушылар:

  • психологиялық тұрғыдан тұрақты;
  • психологиялық қолдауға мұқтаж;
  • белсенді психологиялық қолдауды қажет ететін тұлғалар деп үш топқа бөлінеді.

Бағалаудан кейін қатысушыларға білім беру мекемесінің психологі және тиісті аймақта жұмыс істейтін тәлімгер-психолог тағайындалады.

Жүйе екі кезеңде енгізіледі. 2026-2027 оқу жылынан бастап мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемелеріне, ал 2027-2028 оқу жылынан бастап орта арнайы, кәсіптік және жоғары оқу орындарыне енгізіледі.

Еске салайық, бұған дейін Өзбекстан латын әліпбиіне қатысты көпжылдық дауға нүкте қойғанын хабарлағанбыз.