«УзА» мемлекеттік ақпараттық агенттік хабарлағандай, бәсекеде Өзбексан, Қазақстан және Қырғызстаннан келген 30-ден астам спортшы бақ сынасты.
Атап айтқанда, аталмыш жарыста қазақстандықАлександр Тишков екінші орынды иеленді. Ал Орталықазиялық лиганың командалық «Ұлт кубогы» жарысының аясында болған бәсекеде қазақстандық шабандоздар күміс медаль еншіледі.
Өзбекстандық БАҚ хабарлағандай, кедергілерден өту бойынша жеңімпаздардың қатарында Қазақстан өкілдері Әсет Толқымбеков, Азамат Хасенов және Петр Соловьев бар.