Негізгі үміткер - қазіргі мемлекет басшысы Ислам Каримов. Ол елді 25 жыл қатарынан басқарып келеді. Бұл кандидатураны Өзбекстанның либералды-демократиялық партиясы ұсынды.
Өзбекстанның халықтық-демократиялық партиясы бұл орынға Орталық кеңес төрағасы Хатамжон Кетмоновты, "Миллий тикланиш" Демократиялық партиясы - парламенттегі партия фракциясының мүшесі Акмаль Саидовты, "Адолат" социалистік-демократиялық партиясы - партия атқарушы комитетінің төрағасы Наримон Умаровты ұсынды.
Елдің 20,79 миллион азаматы дауыс бере алады. Сайлау сәтті өткенін мойындау үшін сайлаушылардың 33% дауыс беруі тиіс. Сайлауды шамамен 80 мың жергілікті бақылаушы және 300-ге жуық халықаралық бақылаушы қадағалайды.