Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 14 округтік сайлау комиссиясының әрқайсысы 56,9 млн сом, 10,8 мың учаскелік сайлау комиссиясы 11,8 млн сом алады.
Сайлаушы округтар мен учаскелерге бөлінген қаражаттың 80%-ы айлық, өтемақы және бірыңғай әлеуметтік төлем төлеуге жұмсалады.
Сайлау комиссияларының қызметкерлерін дайындау мен оқытуға 18,4 миллиард сом жұмсау жоспарланып отыр. Сонымен қатар сайлау комиссиялары мүшелері мен сайлаушылардың өздерін жеке қорғану және зарарсыздандыру құралдарымен қамтамасыз ету үшін қаражат бөлінген.
Еске сала кетейік, Өзбекстан президентінің кезекті сайлауы осы жылдың 24 қазанында өтпек. Ол Өзбекстан тарихындағы алтыншы тікелей президенттік сайлау болмақ.