Сәрсенбі, 3 тамыз күні Өзбекстан үкіметі осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Голос Америки.
Жаңа ережеге сәйкес, авиабилеттер сатып алатын шетелдік азаматтар Өзбекстанда өзбек сомымен емес, шетел валютасымен есеп айырысуы қажет. Алғашқы ұшу нүктесі Өзбекстан аумағынан тысқары болса, ел азаматтары да авиабилеттерді шетел валютасымен сатып алуы тиіс.
Өзбек ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы ережені бұзған авиакомпаниялар мен агенттіктерге билеттің толық құны көлемінде айыппұл төлеу қарастырылған. Айыппұлдар мемлекет бюджетіне аударылатын болады.