Өзбекстанда шөп тиелген арбадан марихуана табылды
22:09, 24 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 тамыз күні Ташкент қаласының Учтепа ауданындағы «Назарбек» бекетінде өзбекстандық ішкі істер органдарының қызметкерлері Хожиакбар Рихсиев тізгіндеген аттылы арбаны тоқтатты, деп хабарлайды gazeta.uz .
ІІБ баспасөз қызметінің мәліметінше, шөп тиелген арбадан сатуға арналған 5,6 кг марихуана табылған.
Учтепа аудандық ІІБ жанындағы тергеу бөлімшесі Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 25 және 273-баптарында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша (ірі көлемдегі есірткі заттарын заңсыз сатуға оқталу) қылмыстық іс қозғады.