Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша өзбек билігі мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, халықтың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғау мақсатында 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап Өзбекстан аумағы арқылы сұйытылған газды автомобиль көлігімен (ТН ВЭД-2711 бойынша тауар коды) транзиттеуге тыйым салғандығын хабарлайды.
15:57, 11 Қаңтар 2013
Өзбекстанда сұйытылған газды көлікпен тасымалдауға тыйым салынды
АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Өзбекстан өз аумағы арқылы сұйытылған газды автомобиль көлігімен транзиттеуге шектеу енгізді. Бұл жайында ҚР ККМ баспасөз қызметі хабарлайды.