Жедел іс-шарада Охангарон қаласында тұратын 2002 жылы туған әйел (Х.Т.) оңай жолмен ақша табу мақсатында өзі танитын 2004 жылы туған әйелді (З.О.) алдап, қомақты ақша табатынына сендіріп, Ташкент халықаралық әуежайы арқылы Түркияның Стамбул қаласына жезөкшелікпен айналысуға жөнелту кезінде айғақтармен ұсталды.
Әйелді Стамбулда Түркия азаматтары күтіп алуы керек болып шықты.
Ұсталған әйелге қатысты ӨР Қылмыстық кодексінің 135-бабы (адам саудасы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, Өзбекстанда сүйген жігітін пышақтаған қыз сотталғаны жайлы жазған едік.