Өзбекстанда тәуелсіздік құрдастары ел ішінде тегін ұша алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық «Узбекистон хаво йуллари» авиакомпаниясы республика тәуелсіздігінің құрдастарына сыйлық жасады. 1991 жылы 1 қыркүйекте дүниеге келгендер екі ай бойы ел ішінде тегін ұша алады, деп хабарлады CA-News.

Ұлттық әуе компаниясының ұсынысы 1 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығында Өзбекстан Республикасы ішінде ұшатын кез келген рейске қолданылады. 1 тамыздан бастап сыйлық авиабилетті ресімдеу үшін компанияның билет сататын кеңселеріне жүгінуге болады.

Еске сала кетсек, биыл Өзбекстан тәуелсіздігіне 25 жыл толады. Мереке жыл сайын 1 қыркүйекте атап өтіледі.