Бүгінгі баспасөз мәслихатында осы жайында хабардар еткен Комиссия төрағасы Мырза-Ұлықбек Әбдусаломов, түскен өтініштердің реті бойынша Өзбекстан Республикасы Парламентінің Заң шығарушы палатасына сайлауға қатысуға Өзбекстанның Халық-демократиялық партиясы, Өзбекстанның «Адолат» социал-демократиялық партиясы, Кәсіпкерлер мен іскер адамдардың қозғалысы -Өзбекстанның либералдық-демократиялық партиясы және Өзбекстанның «Милли тикланиш» демократиялық партиясы жіберілгенін хабарлады.
Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы сайлауға қатысу туралы Өзбекстанның Экологиялық қозғалысының шешімін де назарға алып отыр, деп хабарлады М.Әбдусаломов.