ТАШКЕНТ. KAZINFORM – 18-19 мамырда Өзбекстанның Самарқанд қаласында триатлоннан әлем кубогы өтеді. Сондай-ақ жарыс аясында Өзбекстан чемпионаты мен Азия триатлон конфедерациясының кезекті форумы, Орталық Азия триатлон қауымдастығының конгресі де өтуі жоспарланған. Бұл туралы UzA агенттігі жазды.
«World Triathlon Cup Samarkand — 2024», «World Triathlon Para Cup Samarkand — 2024» әлем кубогы жарыстары әлем назарындағы жарыстардың бірі. Өйткені бұл жарыстар спортшылардың Париж Олимпиадасына жолдама алуына тағы бір мүмкіндік. Сондықтан байқауға қызығушылық өте жоғары. Оған 300-ден астам халықаралық кәсіби спортшылар қатысады деп күтілуде.
Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 7-8 қыркүйегінде Өзбекстанда «Challenge Samarkand — 2024» халықаралық триатлон жарысы да өтеді.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы