Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, былтыр қаңтар-наурыз аралығында - 11,3 млрд, ал 2024 жылы 11,6 млрд текше метр газ өндірілген. Осылайша, көрсеткіш үшінші жыл қатарынан төмендеп барады.
Сонымен қатар 2024 жылдың бірінші тоқсанында елде 179,1 мың тонна мұндай өндірілсе, биыл ол 157,3 мың тоннаға дейін азайды. Бұл ретте Өзбекстанда жанар-жағармай өндірісі 304,3 мың тоннадан 313,2 мың тоннаға дейін өсті, ал дизель 182 мың тоннадан 280,9 мың тоннаға дейін ұлғайды.
Өндірістің құлдырауына байланысты көршілес мемлекет қаңтар-наурыз аралығында газ импортын 2,2 есе арттырып, Ресей мен Түрікменстаннан 360,5 млн долларға көгілдір отын сатып алды. Ал аталған ресурстың Қытайға эскпорты 36,7 млн долларға дейін қысқарды.
Қоса кетсек, биыл үш айда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 1,3 млрд долларға жетті.
Еске салайық, таяуда Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің отырысында президент Шавкат Мирзиёев жаһандық қақтығыстар ОА елдері үшін жүк тасымалы құнының 30%-ға дейін өсуіне себеп болып жатқанын айтты.