Бұл туралы кеше ҚазАқпарат тілшісіне Өзбекстандағы ҚР Елшілігінің консулы Бабыр Дәуренбек хабарлады.
Сенбі, 30 шілдеде шамамен сағат 22.00-де тиісті шараларды жүзеге асырғаннан кейін ҚР консулы Қазақстанның сегіз кәмелетке толмаған азаматын елімізге жеткізіп салды.
Келесі күні, 31 шілдеде Б.Дәуренбек тиісті процессуалдық әрекеттерді жүзеге асырғаннан кейін қалған Қазақстан Республикасының төрт ересек азаматын отанға қайтарды.