«Коронавирусты жұқтыру көрсеткішінің өсіміне байланысты Ташкент қаласында 18 жастан асқан тұрғындардың ерік білдірген барлық топтарын мемлекет қаражаты есебінен вакциналау басталуда», - деді Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігінен.
Ведомствоның мәліметінше, тұрғындарды вакциналау үшін қаланың сауда-ойын-сауық орталықтары, ірі базарлар, мектептер, махальдарі мен өзге нысандарында коронавирусқа қарсы вакцина салудың қосымша 44 пункті ашылған. Екпе тегін салынады.
Вакцина салынған соң, азаматтардың қолына препараттың атауы, сондай-ақ келесі екпені алатын күн белгіленген жадынама беріледі.
Еске сала кетсек, Өзбекстанда эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты 28 маусымнан бастап карантин шаралары күшейтілді. Өзбекстан астанасы екіапталық карантинге жабылған.