Өзбекстанда жаңа мереке – «Халықтар достығы күні» белгіленді

ТАШКЕНТ. ӨзА-ҚазАқпарат - 30 шілде Өзбекстанда «Халықтар достығы күні» мерекесі ретінде тойланбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

Атаулы жаңа мерекелік күн Мемлекет басшысының қаулысымен ресми түрде қабылданып, ел аумағында кеңінен тойланатын болды.

«Халықтар достығы күнін» мереке ретінде атап өтудің басты мақсаты - ынтымақтастықты, толеранттылықты, ұлтаралық келісімді нығайту және адамдар, мемлекеттер мен жалпы қоғамның әртүрлі құрылымдары арасындағы достық қатынастарды одан әрі дамыту.

29 желтоқсанда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев «Олий Мажлиске» кезекті Жолдауында, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешіміне сәйкес 30 шілдені Халықаралық достық күні ретінде кеңінен атап өту жайлы айтып, бұл датаны Өзбекстанда «Халықтар достығы күні» ретінде белгілеуді ұсынған болатын.