Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына бес құтқару бөлімшесі жіберіліп, өрт сағат 14:55–те толық сөндірілді. Жарылыс салдарынан 6 адам қаза тауып, түрлі дәрежеде жарақат алған 5 тұрғын ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар төрт көлік, отын сақтауға арналған екі жерасты цистернасы зақымданды.
Жағдайға байланысты Министрлер кабинетінің өкімімен Үкіметтік комиссия құрылды. Оның басшылығына зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету, жарылыстың салдарын жою, оқиғаның себебін анықтау және болашақта осындай жағдайдардың алдын алу жөнінде шаралар әзірлеу тапсырылды.
Еске салайық, былтыр Өзбекстанда төтенше жағдайлардан 221 адам қаза тапқан.
Сонымен қатар 2025 жылы Өзбекстанда 9 226 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 2100-ден астам адам көз жұмды.