Құжатта жазылғандай, адам ағзаларын және тіндерін трансплантациялау кезінде заңнама талаптарын сақтау медициналық қызметтің лицензиялық шартына енгізіледі. Жеке клиникалар Денсаулық сақтау министрлігіне науқастар мен донорлар туралы деректерді үнемі ұсынуға міндеттеледі.
Өз кезегінде ведомство молекулалық-генетикалық зерттеу жүргізуге қойылатын талаптарды және трансплантация үшін сұралатын талдаулардың тізбесін бекітеді.
Мемлекеттік бюджетті жоспарлау кезінде осындай ота жасайтын жеке клиникалардың пациенттерін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі ескеріледі.
Науқастың өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін өтемақы төлеу, трансплантациядан кейін адамдарды оңалту тәртібі жеке әзірленеді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда 4,6 мыңнан астам адам ағза трансплантациясын күтіп жүр.
Еске салайық, биыл Павлодарда алғаш рет көздің қасаң қабығы трансплантацияланды.