Өзбекстанда жыл басынан бері 4,7 мың адам бас бостандығынан айырылды

Фото: Фото: ӨР Жоғарғы соты

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстан Жоғарғы соты 2025 жылдың бірінші тоқсанында республика соттары қараған қылмыстық істердің статистикасын ұсынды. 

Осы кезеңде 19 мың 646 тұлғаға қатысты 15 мың 681 қылмыстық іс қаралып, 108 тұлға ақталған.
Сотталғандар саны 15369 болса, оның 4764-і бас бостандығынан айыруға, 10319-ы басқа жаза түрлеріне, 286-сы шартты түрде сотталған. Сотталғандардың 13611-і ерлер, 1708-і әйелдер, 6066-сы жастар (оның ішінде 702-сі кәмелетке толмағандар), 601-і 60 жастан асқандар.

Сотта бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындалуына байланысты 2042 адам сот залынан босатылды. Сондай-ақ 8181 адам бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде босатылса, 2746-ның жазасы жеңілдетілген мерзімге ауыстырылды.

Алдын ала тергеу органдары тарапынан негізсіз 3765 адамға тағылған айыптар алынып тасталды немесе басқа санатқа ауыстырылды. Кепілдік хаттар бойынша 27 тұлға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға кесілді.

Есепті кезеңде қаралған қылмыстық істердің көпшілігі:

алаяқтық;
жол қозғалысы немесе көлік құралын пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу;
ұрлық;
есірткі қылмыстары;
бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру;
құжаттарды, мөртабандарды, мөрлер мен бланкілерді дайындау, жалған жасау, өткізу немесе пайдалану;
бұзақылық;
қасақана жеңіл дене жарақатын келтіру;
денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру сияқты қылмысты құрайды.

Сондай-ақ татуластыру институтын қолдану нәтижесінде 3 429 тұлға қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Апелляциялық тәртіпте 2706 тұлғаға қатысты 2064 қылмыстық іс қаралды. Бірінші сатыдағы соттардың 92 тұлғаға қатысты шығарған қаулыларының күші жойылып, 825 тұлғаға қатысты шығарылған сот шешімдері өзгертілді.

Кассациялық тәртіпте 1523 тұлғаға қатысты 1330 қылмыстық іс қаралды. Бірінші сатыдағы соттардың 115 тұлғаға қатысты шығарған қаулыларының күші жойылып, 475 тұлғаға қатысты шығарылған сот шешімдері өзгертілді.

Тексеру тәртібімен 1598 тұлғаға қатысты 1360 қылмыстық іс қаралды. Төменгі сатыдағы соттардың 46 тұлғаға қатысты шығарған қаулыларының күші жойылып, 268 тұлғаға қатысты шығарылған сот шешімдері өзгертілді.

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасында 286 тұлғаға қатысты 240 қылмыстық іс қаралды. Төменгі сатыдағы соттардың 58 тұлғаға қатысты шығарған қаулыларының күші жойылып, 87 тұлғаға қатысты шығарылған сот шешімдері өзгертілді.

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстанда жеке тұлғалардың шетелден тауар әкелуіне шектеулер күшейтілгені туралы хабарлағанбыз.