Өзбекстанда жол апатынан Қазақстанның үш азаматы көз жұмды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өзбекстан Республикасының Науаи облысында болған ірі жол-көлік апаты салдарынан Қазақстанның үш азаматы көз жұмды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың 3тамызында Науаи облысы Нұратин ауданындағы «Нұрата-Жизақ-Фариш» автожолының 136-шақырымында«Нексия» автокөлігі жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетіп, «Исузу» жүккөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жеңіл автокөліктежүргізушімен бірге 7 адам отырған. Оның екеуі бала», - делінген ҚР СІМхабарламасында.

Соқтығыс салдарынан оқиға орнында ҚазақстанРеспубликасының 3 азаматының (1952, 2013 және 2016 жылы туған) көз жұмғаныхабарланып отыр.

«ҚР-дыңтағы үш азаматы айтарлықтай жарақат алып, Нұратин ауданының Медициналықмекемесінің жансақтау бөліміне жеткізілді.Бүгінгі таңда олардың бәрі есін біліп жатыр. Бірақ, жағдайлары ауыр», - деді ведомстводан.

Қазақстандық дипломаттар зардап шеккен азаматтар менолардың туған-туыстарына барынша көмек көрсетуде.

«Көзжұмғанжәне зардап шеккен ҚР азаматтарының бәрі де Өзбекстаннан көшіп келгеназаматтар. Бәрі бір-біріне туыс. Осыған байланысты, туған-туыстары ажал құшқандарды Өзбекстан аумағынажерлеу туралы шешім қабылдап отыр», - деп хабарлады ҚР СІМ-нен.

Соңғы жаңалықтар