Өзбекстанда жол ережесін бұзған шетелдік дипломаттарға айыппұл салынады

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанда аккредитациядан өткен шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің қызметкерлері тарапынан жол ережелерін бұзу жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты, біріккен қаулы жобасы жасалуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

ӨР СІМ ресми сайтында шетелдердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің, сондай-ақ оларға теңестірілген ұйымдардың қызметкерлеріне жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдану саласындағы шетелдік тәжірибелерді үйрену негізінде тиісті заңдылық актілеріне өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы қаулы дайындалуда. Жобаны ӨР СІМ, ІІМ және Жоғарғы сот бекіткен.

Қолданыстағы құжатты елде автоматтанған бейнебақылау жүйесінің енгізілуіне орай тиісті нормалармен толықтыру көзделуде.

Бұдан тыс, сот немесе басқа да өкілетті орган тарапынан құқықбұзушылық жағдайы үшін жазасын қолдану туралы шешім шығару тәртібіне де өзгертулер енгізілуде. Сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдеріне қолайлылықтар туғызу үшін жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеу формаларын кеңейту де жоспарлануда.