Өзбекстанда жүргізуші футболдағы жеңіліс үшін көлігімен адамдарды басып кетпек болды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстанда Самарқанд облысының Нұрабад ауданындағы мектеп стадионында Nexia жүргізушісі көлігімен адамдарды басып кете жаздады. Ол мұны командасының футболда жеңілгені үшін жасағанын айтты, деп хабарлайды Gazeta.uz .

Фото: Gazeta.uz

Жүргізуші ұсталып, көлігі уақытша айыппұл тұрағына қойылған. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

— Мен командамыз футболда жеңілгені үшін осылай істедім. Іс-әрекетіме қатты өкінемін, — дейді ол.

Айта кетейік, Өзбекстанда жедел жәрдем көлігімен отын тасыған жүргізуші қызметінен босатылғанын жаздық.

Сондай-ақ, көрші елде мас күйінде көлік тізгіндегін 30 мыңнан астам жүргізуші жазаланды.