Әуесқой бокстан құрлық және әлем чемпионы, Өзбекстанның 2021 жылғы үздік боксшысы ретінде «Руфат Рисқиев кубогының» иегері Руслан Абдуллаев жекпе-жекті толық бақылауға алды. Жекпе-жектің 5-ші раундында Абдуллаев қарсыласын нокдаунға түсірді.
8 раундқа жалғасқан жекпе-жекте төрешілердің ұпай саны бойынша Руслан Абдуллаев 80-71, 80-71, 80-71 есебімен жеңіске жетіп, кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегінде WBA Continental атағын жеңіп алды.
Еске сала кетейік, АҚШ-тағы бокс кешінде Садриддин Ахметов қарсыласымен тең түсті.