Салтанатты шарада мемлекетте 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері қатарында қазақ ұлтының азаматтары бір-бірімен тату-тәтті өмір сүріп, елдің дамуына лайықты үлес қосып жатқаны, Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығының нәтижелі жұмыстары ерекше аталып өтті.
Бұл тұрғыда жүргізілген реформалардың нәтижесін көрсетуде «Дидар» бағдарламасының алатын орны ерекше.
Мерейтойға орай Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрінің бұйрығына сәйкес, бір топ өнер қайраткерлері “Маданият ва санъат фидокори” төсбелгісімен марапатталды. Мәдениет министрінің кеңесшісі Шавкат Артықов марапаттарды иелеріне салтанатты түрде табыс етті.
Шара аясында Мәдениет министрлігі жанындағы Халықаралық қатынастар және шет елдермен достық комитеті, Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығымен бірлесіп, көрермендерге жас өнерпаздардың поэзиялық кеші мен концерттік бағдарламасын ұсынды.