Ташкенттегі № 399 референдум учаскесі шет мемлекеттердегі ең ірі учаскелердің бірі. Бүгінде бұл учаскедегі сайлаушылар тізімінде Өзбекстанда тұрақты тұратын және уақытша жүрген 600 Қазақстан азаматы бар.
№ 399 референдум учаскесінің төрағасы Жаслан Искаковтың айтуынша, мұнда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйде таңдау жасауы үшін дауыс беру жәшіктерін жеткізетін топтар жасақталған.
Аталған учаскеге Ташкенттегі жоғары оқу орындарында оқитын студенттер, Өзбекстанда уақытша жұмыс істейтін және тұратын отандастарымыз, қазақстандық туристер мен іссапарда жүрген азаматтар келеді деп жоспарланып отыр.
Еске салайық, Ташкент қаласындағы №399 референдум учаскесі Қазақстан Республикасының елшілгі ғимаратында (Абай көшесі, 1) орналасқан. Онда дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 20:00-ге дейін жалғасады.