Оқиғадан е шкім зардап шекпегені айтылуда. Желілерде тараған видеолар мен фотосуреттерден жарылыс толқыны ғимараттардың терезелері мен құрылыстарын зақымдағанын байқауға болады.
«22 қазан күні сағат 04:55-те Сырдария ауданы Мәлік елді мекеніндегі Қорғаныс министрлігінің қоймасында жарылыс болды. Мұны Өзбекстанның Қорғаныс министрлігі де растады. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ» делінген агенттік хабарламасында.
Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Фото: gazeta.uz