Тиісті хатты Бірыңғай жалпыреспубликалық процессингтік орталық (Uzcard) республиканың коммерциялық банктеріне жіберді.
«Валюта айырбастау операциялары бойынша транзакцияларды талдау нәтижелеріне сәйкес, Uzcard жүйесіне қосылған банкоматтар жалған шетел валютасын, атап айтқанда «50$» және «$» купюраларды қабылдау жағдайлары жиілеп кетті. Осы жағдайды ескере отырып, валюта айырбастау операциялары кезінде номиналы $50 және $100 купюраларды қабылдау қызметі уақытша тоқтатылды», - делінген хатта.