Өзбекстандағы босқындар лагерінде болған Қазақстан азаматшасы Отанына қайтып келе жатыр
16:08, 17 Маусым 2010
ӘНДІЖАН ОБЛЫСЫ. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Қазақстан азаматшасы Элиза Сулиева қызы екеуі Өзбекстанның Андижан облысында орналасқан босқындар лагерін тастап шықты, деп хабарлайды біздің тілшіміз оқиға орнынан.
Бейсенбі, маусымның 17-сінде Өзбекстандағы ҚР Елшілігінің дер кезіндегі іс-әрекеттерінің арқасында ҚР азаматшасы Э.Сүлиева мен оның қызы Гөзель Өзбекстанның Әндіжан облысындағы Ёр-Кишлок елді мекенінде орналасқан босқындар лагерін шықты.
Қазақстан азаматшасын елге дейін Өзбекстандағы ҚР Елшілігінің консулы Бабыр Дәуренбек шығарып салмақ.
Жоспарланып отырғандай, жұма, маусымның 18-інде Қазақстан азаматшасы қызы екеуі қазақстан-өзбек шекарасында орналасқан «Қапланбек» бекеті арқылы өтіп, Өзбекстан аумағынан шығып кетпек.
Қазіргі уақытта Өзбекстандағы ҚР Елшілігінің өкілдері Өзбекстанның лагерлеріндегі босқындардың арасынан Қазақстан азаматтарын іздестіру жұмыстарын жүргізуде.