Өзбекстандағы босқындар лагерінің бірінде Қазақстан азаматы бар

None
ӘНДІЖАН ОБЛЫСЫ. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Өзбекстандағы босқындар лагерінің бірінде Қазақстан азаматы бар.

Ер-кишлок ауылындағы лагерде Қырғызстан аумағынан келген ҚР азаматы Элиза Сүлиева бар болып шықты.

ҚазАқпарат тілшісімен әңгіме кезінде Қазақстан азаматы лагерьге екі күн бұрын келгенін айтты. Оның айтуынша, ол қырғыздың Ош қаласына мамырдың 13-інде анасына барған. «Біз Қырғызстандағы күрделі жағдайға байланысты тез жиналып, Өзбекстанға келдік», - деп түсіндірді Э.Сүлиева.

Өзбекстанға Қазақстан азаматшасы екі жасар қызы Гөзелмен келген. «Онда (Ош қаласында) атыс басталды. Біз Алматыға мамырдың 20-сында кетпек болдық, бірақ күрделі жағдайға байланысты үлгермедік», - дейді ол.

Оның анасы - Қырғызстан азаматы Нахиба Сүлиева отбасымен Ош қаласында, өзбек ауылында тұрған. «адамдар оқ жаудыра бастады, барлығын өлтірді. Біз қызымызбен және балалармен Өзбекстанға келдік», - деді ол Қырғызстаннан кету себебін түсіндіріп.

Өзбекстанның Әндіжан облысында босқындар үшін 30-ға тарта лагерь құрылған, олардағы адамдардың көбі - өзбектер.