Өзбекстандағы халықаралық айтыста бас жүлдені оңтүстікқазақстандық Біржан Байтуов жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мамырдың 19 күні Өзбекстанның Навои қаласында (Әйтеке бидің мазары жатқан аймақ) Әйтеке бидің 370 жылдығына және қазақ-өзбек достығына арналған халықаралық айтыс өтті, деп хабарлайды Kazaitys.kz порталы.

Айтыс өткен Фархат сарайына қандастарымыз лық толды. Бұған дейін ол аймақта мұндай жоғары дәрежелі айтыс өтпеген екен. Айтысты қорытындылағанда: Бас жүлдені - Оңтүстік Қазақстан облысының айтыскер ақыны Біржан Байтуов қанжығаласа, бірінші орынды да оңтүстікқазақстандықтар Карима Оралова мен Қажымұқан Абзалов бөлісті. Екінші орынды - жамбылдық Алик Бекмусаев пен Құлмахан Дүйсенов (Ташкент) иеленсе, үшінші орынды - Жандарбек Қайырбек (Ташкент) пен Жамбол Көпбосынов қанағат тұтты.