Өзбекстандағы сайлаудың барысын 250-ден астам байқаушы бақылайтын болады - Өзбекстан СІМ

ТАШКЕНТ.  Желтоқсанның  3-і.  ҚазАқпарат /Құрмат  Самархан/ -  Өзбекстанның Олий Мажлисіне  өтетін  сайлаудың барысын   әлем елдері  мен  халықаралық   ұйымдардың атынан  250-ден  астам    өкіл бақылайтын  болады.

 Бұл туралы Өзбекстанның  Сыртқы  істер  министрі Владимир Норов   Афиныда  өткен  ЕҚЫҰ Сыртқы  істер министрлері кеңесінің 17-ші  кездесуінде мәлім етті,     деп хабарлады   Өзбекстанның  сыртқы саясат   ведомствосының баспасөз қызметінен.

Ведомствоның  баспасөз қызметінен  хабарлағандай,   Сыртқы  істер министрі   желтоқсанның   27-сінде  Өзбекстанда  кезекті  парламенттік  сайлау  өтетінін  жеткізді.   Парламенттегі 150 орынға    төрт  саяси  партия  мен    Өзбекстанның  экологиялық қозғалысы қоғамдық  ұйымының атынан  кандидаттар таласады.

Қазіргі уақытта  парламентке 517  кандидат   ұсынылды,   олардың    31,9 пайызын  әйелдеп    құрап  отыр.

Сайлау  үдерісінің  ашықтығын   қамтамасыз  ету мақсатында,  сайлауға   жергілікті  және   халықаралық  байқаушылар    қатысады.  «Бүгінгі таңда    әлемнің  36 елі мен    ТМД, ШЫҰ,  Ислам конференциясы ұйымы,  ЕҚЫҰ-ның   Демократиялық институттар  және   адам құқықтары  бюросының    атынан  250-ден астам  өкіл   сайлау  барысын  бақылауға  қатысатындарын қуаттады»,  деп  хабарлайды  министрліктің      баспасөз қызметі    В.Норовтың  сөзіне сілтеме  жасап.