Суретке түсірілген шаңды дауыл Өзбекстанның Ташкент, Сырдария, ішінара Жизақ және Ферғана облыстарында, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік облыстарында және Тәжікстанның кейбір облыстарында тіркелген.
Еске сала кетейік, 4 қарашада Өзбекстан аумағын синоптиктердің мәліметінше, 150 жыл ішінде алғаш рет байқалған шаңды дауыл басып қалған болатын. Алғашқы күндері ауадағы шаң мен құмның шоғырлану мөлшері нормадан 30 есе асып түсті.
Авторы: Мәдібек Жәнібеков