Өзбекстандықтар енді аграрлық университетте 3 жыл оқиды
АСТАНА. KAZINFORM — 2026-2027 оқу жылынан бастап аграрлық жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау жүйесі жаңа форматта — 3 жылдық білім беру бағдарламасына негізделген түрде құрылады, деп хабарлайды ӨР Әділет минстрлігінің баспасөз қызметі.
Өзбекстан Президентінің «Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің қызметін жетілдіру бойынша қосымша шаралар туралы» қаулысына сәйкес, аграрлық салада білім беру процестері түбегейлі жаңартылады.
Жаңа жүйеге сәйкес, оқу процесіндегі теориялық және практикалық сабақтардың арақатынасы біртіндеп өзгереді. Атап айтқанда, 1-курста сабақтардың 60 пайызы теориялық, 40 пайызы практикалық болады. 2-курста бұл көрсеткіштер теңестіріліп, әрқайсысы 50 пайыздан бөлінеді. 3-курста негізгі назар практикаға аударылады, 70 пайызы практикалық, 30 пайызы теориялық сабақтар болады.
Сондай-ақ студенттердің практикалық дағдыларын одан әрі нығайту мақсатында жоғары курстардағы оқу процесі 4 айлық үздіксіз дуалды білім беру түрінде ұйымдастырылады. Бұл ретте студенттер теориялық білімнен бөлек өндірістік және салалық кәсіпорындарда практикалық тәжірибе алады.
Бұл өзгерістер аграрлық салада тәжірибеден өтуге дайын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау сапасын арттыруға қызмет етеді деп күтіледі.
Еске сала кетейік, Өзбекстанда кешіккен пойыздардың жолаушыларына өтемақы төленуі мүмкін.