Оған қоса, кейіннен әлгі азаматтың Атырауда есірткі өсірмек те болғаны анықталып отыр.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарованың айтуынша, өзбекстандық азамат героин сату үстінде ұсталған. Ал оның Атырауда жалдап тұрып жатқан пәтерін тінту кезінде, полицейлер гүл құмыраларына отырғызылған қарасораның шағын плантацияларын тапқан.
«Ұсталған азамат, есірткіні Өзбекстаннан тасымалдау сияқты тәуекелді істен бас тартып, қарасораны осында өсірмек болғанын мойындады», деп хабарлады Г.Мұхтарова.