Өзбекстандық қылмыскер Шымкентте жұмыс істеп жүрген

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат тілшісі - Шымкент қалалық полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Өзбекстан Республикасында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматты анықтап, құрықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІМ ресми сайтына сілтеме жасап.

30 жастағы деструктивті діни ағымның жақтаушысын бұдан бұрын көрші елдің полицейлері халықаралық іздеуге жарияланған болатын.

«Мигрант» және «Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында ұсталған азамат жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтып, жергілікті тұрғынның үйінде жалданып жұмыс істегені белгілі болды. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оның құжаттарын қалпына келтіріп, Өзбекстанға экстрадициялау бойынша шаралар қабылдауда», - делінген хабарламада.