Жеті клубда түрлі құқық бұзушылықтар анықталды, олардың бірнешеуінде жеңіл жүрісті әйелдер қызмет көрсеткен. Ұсталғандардың ішінде 20 жастағы біреуі милиция қызметкерлеріне отбасы жағдайының ауырлығына байланысты стриптиз билеуге мәжбүр болғандығын мәлімдеді.
«Менің бұл іспен айналысып жүргеніме бір жыл болды. Кішкентай балам бар. Анам ауыр дертке ұшырады, әкем ешқайда жұмыс істемейді. Стриптиз билеп, отбасымды асырау үшін мен бір түнде 40-50 мың сом (шамамен 5 доллар) табыс табамын. Арнайы білімім болмағандықтан, басқа жұмыс істей алмаймын», - дейді 20 жастағы қыз.
Самарқанның түнгі клубтарынан ұсталған 11 қыз милиция бөлімшесіне жеткізілді.
Соңғы уақыттарда өзбек басылымдары жезөкшелікпен айналысып, түнгі клубтарда стриптиз билейтін жас әйелдердің ұсталғандығы жайлы жиі жазып жүр. Оларға қатысты белгілі жазалау шаралары қолданылады.