Бұны Астанда өтіп жатқан ЕҚЫҰ Саммитінің Шолу конференциясында өзбекстандық делегация өкілі адам саудасымен күрестің тиімділігін арттырудағы маңызды үш бағыттың бірі ретінде атап көрсетті.
Оның сөзіне қарағанда, адам саудасымен күрестегі ортақ міндеттердің талапқа сай жүзеге асуы үшін ЕҚЫҰ-ның аясында тренингтер ұйымдастыру арқылы құқықтық және сот әлеуетін арттыруға бағытталған бірлескен түрдегі аймақтық жобаларды дайындап, осы мәселе бойынша да халықаралық ынтымақтастықты нығайту қажет. «Үшіншіден баспасөз беттерінде адам саудасына қатысты мәліметтердің болмауына күш салған жөн», деді Өзбекстан өкілі.