Нақтырақ айтқанда, «Көліктерді және жүктерді тексеру» бойынша шекара нарядының құрамы Қазақстан Республикасынан Өзбекстанға қарай бағыт алған Сарығаш-Келес электровозын тексеру барысында Herbalife продукциясына жататын протеиндерден, ұнтақтар мен таблеткалардан тұратын, жалпы салмағы 50 кг контрабандалық жүкті анықтады.
Тасымалдаушылар ретінде составтың 2 машинисті, Өзбекстан азаматтары ұсталды. Тиісті орындар тексеру жүргізуде.