Миссия Өзбекстандағы жұмысын 23 ақпанда бастайды. Бақылаушылар штабы Ташкентте орналасқан. Олар аймақтарда да байқау жұмыстарын жүзеге асырмақ. Миссия басшысы Каетана де Зулуета ханым - елші деңгейіндегі тұлға. Ол - БАҚ мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшы, сонымен бірге жазушы, журналист. 1996 жылы Азия, Африка, Еуропа мемлекеттеріндегі бірқатар сайлауда байқаушы болған.
17:38, 22 Ақпан 2015
Өзбекстанға Президент сайлауына байланысты ЕҚЫҰ байқаушылары барды
ТАШКЕНТ.ҚазАқпарат - Өзбекстанға президент сайлауына дайындық және оны өткізу барысын байқау үшін Каетана де Зулуета ханым бастаған ЕҚЫҰ байқаушылары келді.