«Бізде қазірдің өзінде шетелдік еншілес банктер бар. Халықаралық банктерді тарту банк нарығындағы бәсекелестікті арттырады. Қызмет көрсету стандарттары мен жаңа технологиялар көбейеді. Нарық қатысушылары қорқатын жалғыз нәрсе – шетелдік банктер мен біздің отандық ұйымдардың қызметі арасында реттеуші арбитраж болмайды. Біз бірыңғай стандартты қадағалауды, болжамды реттеуді жақтаймыз», - деді ол Алматыда өтіп жатқан қаржыгерлер форумында.
Айтуынша, егер дұрыс реттелген орта мен экономикалық перспективалар болса, нарықта жаңа ойыншылардың пайда болуы әбден мүмкін.
«Сыртқы орта да маңызды. Мұнда келу үшін болжамды геосаяси жағдайлар қажет. Бұл жағынан бізде бәрі жақсы. Бәлкім, келетін институттар тек Қазақстанға емес, Өзбекстанға және басқа елдерге де назар аударар. Қазір біз жаңа қаржы институттарын тарту бойынша Өзбекстанмен бәсекелеспіз», - деп қосты ол.
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының төрағасы нарық үшін шетелдік банктердің саны емес сапасы маңызды екенін тілге тиек етті.
«Шетелдік банктердің қанша болатыны маңызды емес. Шетелдік үш банк болады деп күтілген еді, бірақ Bereke Bank банкі сатылып кетті. Бұл бізде бір банк бар деген сөз. Үш банк немесе одан аз болуы маңызды емес, жаңа мүмкіндіктердің пайда болуы маңызды», - деді ол.
Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Қазақстанға шетел банктері қызығушылық танытып отырғанын айтқан болатын.
Ал, қазақстандық қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов шетел банктерінің келуінен тұтынушы пайда көруі керек деп есептейді.