Өзбекстанмен шекарада 7 келіден астам алтынды заңсыз алып өтпек болған әйел ұсталды

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - «Алматы» шекаралық бақылау отряды қызметкерлері 7 килограмм 440 грамм алтын алып өтпек болған Өзбекстан елінің азаматшасын ұстады.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

55 жасар әйел «Ташкент-Алматы» бағыты бойынша сапарға шыққан. Шекаралық және кеден бақылауы кезінде азаматша өзімен бірге декларацияланбаған құнды заттардың бар екендігін мойындамады.

Мұқият тінту кезінде сыртқы киім ішінен денеге скотчпен жапсырылғын белбеуден алтын бұйымдар бар 24 түйіншек табылған.

Аталаған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.