Өзбекстанмен шекарадағы өткізу пунктері қайта құрылады
19:21, 23 Қараша 2022
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы өткізу пунктері қайта құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеген.
«Биылғы 1 желтоқсаннан бастап Өзбекстан тарапымен келісім бойынша «Қапланбек» (ҚР) және «Зангиота» (ӨР) автомобиль өткізу пункттерін қайта құруды бастау жоспарланып отыр, халықтың тығыз орналасуына және қолайлы жағдайдың болмауына байланысты толық жабылады», - деп жазды ведомство.
Таратылған мәліметтерге қарағанда, қалған өткізу пункттерін қайта жаңартуды жабусыз, бірақ автокөлік пен жеке тұлғалардың қозғалысын шектей отырып, жүргізу жоспарлануда.