Көлікті тексеру кезінде одан 600 қапқа салынған, салмағы 21 тонна болатын контрабандалық жүк - шаян тұқымы табылды. Алдын ала белгіленген құны 84 000 000 теңгеге жетіп жығылды. Жүк көлігінің 55 жастағы жүргізушісі жүктің ғана емес, тіпті өзінің де жеке басын куәландыратын құжатын көрсете алмады.
Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды.