2 қаңтардан енгізілетін жеңілдіктердің көлемі жол жүру билетін алдын ала алу мерзіміне байланысты. Мәселен, купелік вагондарға билетті пойыз жүрерден 45-31 тәулік бұрын 45%, 30-6 тәулік бұрын 35% жеңілдікпен алуға болады.
Жеңілдіктер «Қазақстан теміржолы», «Ресей темір жолдары» және «Өзбекстан темір жолдары» акционерлік қоғамдары арасындағы бағыттарда жарамды.
Бірақ ел ішіндегі бағыттар үшін мұндай жеңілдік жоқ.