Бұл ғимараттардың бірінші және екінші қабаттары кәсіпкерлерге сатылады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер босатқан 150 ғимарат аукционға шығарылады.
- Әкімдер бірінші кезекте аумағын кеңейткісі келетін кәсіпкерлер сұраған орындарды аукционға қоюы керек, - деді президент.
Шавкат Мирзиёев Ташкент қаласының Юнусабад ауданындағы «Mingboev Robotics» кәсіпорнында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған протездер мен экзоскелеттер шығарылатыны туралы хабарлады. Кәсібін кеңейту мақсатында кәсіпкер мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жер сұрады.
Президент жоғары технологиялық өнім жасайтын мұндай кәсіпкерлерге 5 жыл мерзімге 10 мың шаршы метрге дейінгі мемлекеттік нысандар тегін берілетінін мәлімдеді.
Еске сала кетейік, ТМД елдері ішінде ең қымбат ет Өзбекстанда екені белгілі болды.
Өзбекстанда мектептер мен ЖОО-ларға қаржылық сауаттылық пәні енгізіледі.