2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда алтын экспорты 66,3 пайызға төмендеген. Былтыр алғашқы сегіз айында Өзбекстан 8,3 миллиард долларлық алтын экспорттаған болатын.
Құжатқа сәйкес, елдің жалпы экспортындағы алтынның үлесі де төмендеді. Бір жыл бұрын ол 35,2 пайыз болса, биылғы қаңтар-тамыз айларында 12,3 пайызға дейін азайған.
Өзбекстанда 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында жағдай керісінше болған: монетарлық емес алтын экспорты 2024 жылдың алғашқы сегіз айымен салыстырғанда 66,9 пайызға өскен.
Еске салайық, Қазақстан 2026 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша орталық банктер арасында алтынды ең көп сатып алған әлемдегі бес елдің қатарына енді.