Өзбекстан Орталық банкінің мәліметі бойынша, алтын әлі де резервтердің негізгі бөлігін құрайды, ол 37,6 миллиард доллардан асады. Бұл ретте оның физикалық көлемі 11,8-ден 11,5 млн троя унциясына дейін төмендеді.
Резервтердің валюталық бөлігі сәуірде 616 миллион доллардан астамға өсіп, 11 миллиард долларды құрады.
Наурыз айында Өзбекстанның алтын-валюта қоры жаңа тарихи максимумға жетіп, 47,8 миллиард долларды құраған еді.
Еске сала кетейік, Қазақстан алтын-валюта қорын сатудан жыл сайын 5,5-6 млрд доллар тауып отыр.