Қордың азаюынан Өзбекстанның алтын валюта резервтері төмендеп, 32,89 млрд доллар болды. Яғни, резервтердегі қымбат метал көлемі 12,4 тоннаға қысқарды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Орталық банктің мәліметінше, Өзбекстанның ресми резервтік активтері тек қараша айының өзінде 7,5 млн долларға азайған. Ал жалпы жыл басынан бері ол 3,04 млрд долларға төмендеді.
Қарашада алтынның бағасы әлем бойынша 3,1%-ға қымбаттап, 1 992 доллардан 2 058 долларға дейін өсті. Желтоқсан айының басында бұл металдың құны тағы көтерілді. Атап айтқанда, оның бағасы тарихта алғаш рет 1 унциясы үшін 2 100 доллардан асты.
Еске сала кетсек, Өзбекстан қазан айында ең көп алтын сатқан ел атанған болатын. Бұл кезде аталған елдің Орталық банкі 11 тонна алтынды саудалаған.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.